Сібір жарасынан сақтан!

Аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі саналатын – сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді болып келеді. Ол топырақта ұзақ жылдар бойы сақталады.

Бұл ауру адамға көбінесе үй жа­нуарларына жанасу кезінде (малды сою кезінде терісін сыпыру) және бактерияның спораларымен ластанған тағамдар және топырақтағы егістік өнімдерін өңдемей қолдану кезінде жұғуы мүмкін.

Ауруды жұқтырудың алғашқы сим­птомдары ретінде қатты бас ауруы, жоғары дене қызуы, жалпы әлсіздік, кеуде ауруы, тұншығу, қан қоспасы бар диарея, іштің түйілуінен білуге болады.

Сібір жарасының алдын алудың негізгі шараларына келсек. Үй жануарларының күтімі кезінде жеке қорғаныс құралдарын қолдану, жа­нуарларды сату және сою кезінде санитарлық ережелерді сақтау, жану­арларды алдын ала ветеринариялық тексеруден кейін сою, кездейсоқ тұлғалардан ет пен сүт өнімдерін сатып алмаған жөн.

Қасапшылар, ет және өнімдерін жи­нау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және сатумен айналысатын тұлғалар, соны­мен қатар түйнеме індетінің қолайсыз аумақтарында жұмыс істейтіндер індетке қарсы алдын алу екпелерін алуы қажет. Жануарларды да сібір жа­расына қарсы егу жұмыстарын жүргізу керек.

Ет және басқа да жануарлардан алы­натын өнімдерді арнайы мал дәрігерінің бақылауынан өтпеген, сатуға рұқсат құжаттары жоқ және жеке тұлғалардан алуға тыйым салынады.

Г.ХАМЗИНА,

обаға қарсы күрес бөлімшесінің дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT