Шешендік өнер шеберлері

О.Шонаев атындағы орта мектеп базасында жастардың сыни ойлау қабілетін, шешендік өнерін және қоғамдық белсенділігін дамытуға бағытталған «Makhambet CUP» пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.

Аталған зияткерлік додаға мектеп оқушыларынан құралған командалар қатысып, өз ойларын еркін жеткізу, дәйекті аргумент ұсыну және қарсы пікірді теріске шығару бойынша бақ сынады. Турнир америкалық және парламенттік формат (АПФ) ережесіне сәйкес өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды “Жалын” командасы жеңіп алса, ІІ орын «Руханият» командасы­на бұйырды. ІІІ орынды «Аргумента­торлар» және “Бүркіт» командалары еншіледі.

Сонымен қатар турнирдің ең тартысты сәттерінде тапқырлығымен көзге түсіп, қарсыластарын логикалық дәлелдерімен және шешендік шеберлігімен басып озған үздік спикерлер аталы­мына Сүлейменова Айару мен Қуанышқали Дильназ ие болды.

Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, арнайы дипломдар­мен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Турнирдің негізгі мақсаты – жа­стар арасында пікірталас мәдениетін қалыптастыру, олардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру және өз ойын еркін жеткізуге бау­лу. Ұйымдастырушылардың айту­ынша бұл бастама жасөспірімдер- дің көшбасшылық қасиеттерін шыңдауға, азаматтық ұстанымын ашық жеткізуге жол ашады.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT