Қарттар күніне арналды

«Өнерпаз» мәдениет үйінде Халықаралық қарттар күніне арналған «Қарты бар елдің қазынасы бар» мерекелік шарасы өтіп, аудан әкімі Қайрат Есқабылұлы жұртшылықты мерекемен құттықтады. Ол атаулы мерекеге орай және жұмысшы мамандықтар жылына байланысты бір топ сала ардагерлерін Алғыс хатпен марапаттады.

Атап айтсақ Бейбарыс ауылдық округі егіншісі Балғаным Махметова, Сарайшық ауылдық округінің механи­заторы Мәди Жұмағалиев, Ортақшыл ауылының құрылысшысы Базар­бай Дауылбаев, Ақжайық ауылдық округі көлік жүргізушісі Теміржан Құлмашев, Алға ауылдық округі ме­ханизаторы Болат Бисешұлы, Таңдай ауылының механизаторы Отарғали Ерғалиев, Жалғансай ауылдық округі электригі Жолдас Базарұлы, Махамбет ауылдық округінен өрт сөндіруші Есенбай Бисенғалиев және тазалықшы Мақпал Мұратқызы ие болды.

Аудандық мәслихат аппаратының төрағасы Қайыржан Мәжиев те мерекелік тілегін білдіріп, Сарытоғай ауылының бағбаны Махуза Нұржанова, Алға ауылының сау­ыншысы Ақсұлу Жұмиева, Махам­бет ауылының көлік жүргізушісі Қайыржан Қоспанов, жол жөндеуші Мұрат Сапенов, ауылшаруашылық маманы Таңатар Ғабдуллиндерге Алғыс хат табыстады.

Жиналғандарды атаулы күнмен құттықтау үшін сөз кезегін алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Самат Жайлашев ақжарма тілегінен соң облыстық ардагерлер кеңесінің Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ар мен даңқ» мерекелік медалімен зейнеткер автокраншы Иван Даулетовті, ветеринария саласының ардагері Зинолла Ния­зовты марапаттады.

Ардагерлер арасында өткен спорттық жарыстар мен ән байқауының жүлдегерлері сахна төріне шақырылып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

«Өнерпаз» мәдениет үйі жанындағы «Қазына» ардагерлер ансамблінің құрылғанына биыл – 10 жыл. Ғиззат Есенгужин жетекшілік ететін ан­самбль сол уақыттан бері аудандық, облыстық сахналарда халыққа өнерлерін паш етіп келеді. Ша­рада ансамбль І.Жақановтың «Еділ мен Жайық» әнін орындады. Ал «Атамұра» халық аспаптар ансамблі күйтартыспен есте қалды. Облысқа танымал 4 халықтық өнер ұжымы бар. Солардың бірі де бірегейі Ақтоғай ауылының «Ару ана» әжелер ансамблі халық әні «Ақтамақты» сызылта орын­дады. Жұртшылықтың қошеметіне бөленген әжелер ансамблі одан әрі халық әні «Бүлдіргенді» де шырқады. «Қазына» ансамблінің әншісі Ғалия Лұқпанова және әнші Ақкенже Құлымовалардың орындауындағы Шәмшінің «Ақ ерке ақ Жайығы» мен Н.Тілендиевтің «Асыл әжем» әндері жүрекке жетті. Жалғансай ауылдық округінің «Керім-ай» аналар ансамблі халық әні «Дүние-ай», «Беу, айдай» әндерін шырқағанда қол соқпаған жан қалмады. Сазды бағдарлама Анель Алпысбаеваның «Алғыс» әнімен қорытындыланды.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT