Шеберлік сыныбы қыз-келіншектерге арналды

Шеберлік сыныбы қыз-келіншектерге арналды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ауыл әйелдерінің кәсіпкерлігін дамыту мақсатында «Өз ісіңді баста!» атты шеберлік сыныбы өтті.

Махамбет ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық жөніндегі комиссия, аудандық ішікі саясат бөлімі, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға 40-қа жуық қыз-келіншектер қатысуға мүмкіндік алды.

ismer40321-1

Қатысушылар «Photoshop негіздері», массаж жасау, маникюр, шаш әрлеу, тігін ісі және гүл шоғын әзірлеу бағыттары бойынша бөлініп, орналастырылды. Алты түрлі бағытқа бөлінген шарада кәсіп үйренушілерге аудандағы белсенді кәсіпкерлері өз білгендерін үйретті. Тігіншілік пен «Photoshop негіздерін» үйренгісі келген жандар аудандық Жастар ресурстық орталығына жайғасса, қалған төрт бағыт бойынша «Бизнес-инкубатор» ғимаратында өткізілді.

Бұл шара негізінен үй шаруасындағы және көп балалы аналарға қолдау көрсету, алдағы уақытта өз кәсіптерін ашуға ынталандыру мақсатында өткізіліп отыр. Ауданымыздың шағын бизнес иелері біздің ұсынысымызды қабыл алып, өз кәсібін бастағысы келіп жүргендермен білімдерін бөлісті.Барлық ақ жаулықты аналарымызды, аяулы аруларымызды алда келе жатқан мерекемен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларын амандық тілеймін, - деді аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық жөніндегі комиссия хатшысы Г.Төлегенова.

Шеберлік сыныбын өткізген кәсіпкерлерге алғыс хат пен гүл шоғы ұсынылса, барлық қатысушыларға сертификат табысталып, болашақ кәсіпкер аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT