Құрметті аналар, қырмызы қыз-келіншектер!

Құрметті аналар, қырмызы қыз-келіншектер!

Мерекелік лебіз.

Баршаларыңызды жанға нұр, көңілге гүл сыйлайтын көктемнің алғашқы мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Қазіргі буырқанған өмір айдынындағы тыныс-тіршілігімізді әйел аналарсыз көзге елестете алмаймыз. Өйткені,қоғамдағы қай сала болмасын нәзік жаратылысты жандардың айшықты қолтаңбалары аңғарылады.

Әркез жаңаша ойлайтын белсенді қыз-келіншектерге мемлекет тарапынан да қолдау көрсетіліп келеді. Сан түрлі жауапты қызметтер сеніммен тапсырылады.Олар өздеріне жүктелген қандай істі де шырқ үйіріп, отандық бизнестің де көрігін қыздыруда. Батыр есімін иеленген біздің ауданнан да жақсы ісімен жан сүйсінтіп жүрген апа-қарындастарымызды да көптеп кездестіруге болады. Жұмыста алдыңғы сапта, үйде отбасының ұйытқысы болған жайсаң жандарға алғысымыз шексіз.

Баршаларыңызды төл мерекелеріңізбен құттықтап, мықты денсаулық, жемісті еңбек, отбасыларыңыздың амандығын, бақ-берекелі болуын тілеймін!

Р.ДЖАНГЛИШОВ,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT