Ауыл арасында екі ортаға жолаушылар автокөлігі қатынайды.
Ағымдағы жылдың 4 наурыз, яғни бүгіннен бастап «Сарытоғай-Махамбет-Сарытоғай» бағытындағы жолаушыларды тасымалдау мақсатында жеке кәсіпкер "Қосыбаева" өз жұмысын бастады.
-Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы конкурс жариялап, жеке кәсіпкер "Қосыбаева" жеңіп алды. Жолаушыларды 2 бірлік 22 орындық «Костра» маркалы автобусы тасымалдайтын болады. Жолақысы – «50 теңге». Екі автобус бір-біріне қарама-қарсы біреуі Сарытоғай орталығы Абай көшесінен жүрсе, екіншісі Махамбеттен Шұғыла көшесі бағытынан қозғалады. Көлік таңғы сағат 7.30-да бастап, кешкі 21.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Әзірге ауыл ішіндегі аялдамалар белгіленіп жатыр. Алдағы уақытта талапқа сай аялдамалар орнатылады, әрі қарай автобус белгілері де қойылмақ. Сонымен қатар мүгедек балаларға, көру және есту қабілеті бұзылған жандарға жеңілдіктер бар. Автобус сенбі,жексенбі күндері де қызмет көрсетеді, - дейді аталған бөлімнің бас маманы Н.Сапаров.
К.САПАРҚЫЗЫ