Шаршы тақтадағы сайыс

Елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек, оларды түрлі спорттық, мәдени іс-шараларға қатыстырып, қоғамдық ортаға бейімдеу, белсенділіктерін арттыру бағытында жүзеге асып жатқан жұмыстар аз емес. Соның бірі – жуырда аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде өткен дойбы және тоғызқұмалақтан мүгедектер арасындағы спорттық жарысы.

Спорттық шараның ашылу сал­танатына аудан әкімінің орынба­сары Махамбет Ербөлек, аудандық мүгедектер қоғамының жетекшісі Жолай Түгелбаев, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хат­шысы Руслан Әженов, мекеме және бөлім басшылары қатысты.

Аудандық мәдениет, тілдерді да­мыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен өткі- зілген спорттық жарысқа Ақжайық, Есбол, Сарайшық, Бақсай және Ма­хамбет ауылдарынан барлығы 25 спортшы қатысып, бақ сынады.

Жарыс қорытындысында дойбыдан ерлер арасында І орынды Р.Бимағанов, ІІ орынды Қ.Дюшев, ІІІ орынды Б.Сұлтанов иеленсе, ал әйелдер ара­сында І орынды Г.Шагирова, ІІ және ІІІ орындарды Ә.Габдуллина мен С.Верушкина өзара бөлісті.

Ал, тоғызқұмалақ сайысында ер­лер арасынан М.Наурызбекұлы І орынмен, М.Қуангереев ІІ орынмен, Ж.Нұрғалиев ІІІ орынмен марапат­талды. Осы спорт түрінен әйелдер арасында І орынға А.Жайсанбаева, І І орынға Н.Адайбаева, ІІІ орынға Г.Иманалиева ие болды. Жүлдегерлерге диплом мен ынталан­дыру сыйлықтары табысталды. Соны­мен қатар, жарыс жеңімпаздары 3-ші наурызда өтетін облыстық жарысқа жолдама алды.

Ж.Түгелбаевтың айтуынша, ауданда 1341 мүгедек тіркелсе, оның ішінде 27- сі белсенді. Мүмкіндігі шектеулі жан­дар арасындағы осындай спорттық, мәдени іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT