Құрманғазы ауданында 2011-2012 жылғы жасөспірімдер арасында бокстан ақын Жұмекен Нәжімеденовті еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Бұл жарыста Махамбет аудандық БЖСМ боксшылары жоғары нәтиже көрсетіп, спортшылар жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда Заңғар Ғұбайдолла мен Жігер турнир чемпионы атанса, Алихан Мұхтар, Санжар Болат, Мырзабек Хамидолла, Бақдаулет Ибатолла және Санжар Амангелді қола жүлдені қанжығалады.
Сонымен қатар Атырау облысы- ның іріктеу чемпионатында 2012 жылы туған жасөспірімдер сынға түсті. Махамбет БЖСМ боксшылары – Диас Бисенов (30 кг), Дәулет Зұлқарнайұлы (40 кг) күміс жүлдеге қол жеткізсе, Алихан Мұхтар (33 кг) мен Санжар Болат (64 кг) үшінші орынға ие болды. «Үздік төреші» атағы Қалмұрат Торбаевқа берілсе, «Жеңіске деген жігері» номинациясын Дәулет Зұлқарнайұлы иеленді. Айта кетейік, Дәулет Зұлқарнайұлы мен Санжар Болат Оңтүстік-батыс аймақтық чемпионатқа жолдама алды.
Жаттықтырушылар: Қ.Торбаев , Ж.Қапуанов , М.Қайрош, Е.Естаев және А.Гуртовой.

