Алға ауылдық кітапханасында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында шахмат пен дойбыдан ардагерлер арасында жарыс ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – аға буынның өмір сапасын жақсарту, белсенді өмір салтын насихаттау.
Жарыста ерлер шахматтан, әйел адамдар дойбыдан өзара бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша шахматтан жүлделі ІІІ орынды Жексенбай Төлегенов, ІІ орынды Кәбен Смағұл жеңіп алса, Бегілер Қуатбаев бірінші орынды иеленді. Дойбы жарысы бойынша Аққойқын Алдабергенова ІІІ орын, Науша Мырзағалиева ІІ орынды жеңсе, Мәжиева Нұрия жарыс жеңімпазы атанды.
Жеңімпаз ардагерлерге арнайы дипломдар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталды. Бегілер Қуатбаев пен Фатима Қартабай «Amanat» партиясы Махамбет аудандық филиалының Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ шарада ауылдық кітапхана ұжымының дайындаған «Спорт – денсаулық кепілі» атты кітап көрмесі өткізілді.

