Өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Қазақстан бойынша 22 қазан мен 22 қараша аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жарияланды. Оның негізгі мақсаты – өрттің алдын алу, адам шығынын азайту, тұрмыста және жаппай өткізілетін іс-шараларда қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде азаматтардың хабардарлығын арттыру.

Айлықтың алғашқы күнінде Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері елді мекендерде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, 1,5 мыңнан астам үйді қамтыды. Тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, олардың өтініші бойынша пештердің және электр жүйелерінің жағдайы тексерілді. Нәтижесінде екі мыңнан астам азаматқа кеңес берілді.

Өрт қауіпсіздігі айлығы тек тұрғын үй секторындағы алдын алу шарала­рымен шектелмейді. Қысқы мереке­лер қарсаңында жаппай өткізілетін іс- шараларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету де басты назарда. Жаңа жылдық жәрмеңкелер мен концерттердегі тәртіп, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында полиция, блогерлер және волонтерлердің қатысуымен базарларда, салют және отшашу сатылатын орындарда рейд­тер жүргізілмек.

Сауда нысандары мен концерттік а л а ң д а р д а ж ұ м ы с і с т е й т і н қызметкерлер үшін өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәртібі бойынша нұсқамалар мен эвакуациялық жаттығулар ұйымдастырылады.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді:

– тек жарамды пештер мен электр құрылғыларын пайдалану;

– пештердің қызып кетпеуін және электр желілерінің шамадан тыс жүктелмеуін қадағалау;

– мұржаларды уақытылы күйеден тазалау;

– пеш пен электр құралдарының ақауларын жүйелі тексеру;

– пеш жағуды балаларға тапсыр­мау;

– сіріңке мен тұтатқыштарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау.

Махамбет ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT