Парламент сайлауы еліміз үшін өте маңызды саяси қадам болып саналады.
Еліміздегі барлық саяси партиялар өз бағдарламаларын таныстыруға, сол арқылы халықтың сеніміне ие болуға мүмкіндік алады. Сондықтан 10 қаңтарда өткелі отырған сайлау еліміздің дамуына жаңа серпін беріп, демократияның нығаюына жол ашады деп ойлаймын.
Бұл сайлауда әйелдер мен жастарға арнайы квота берілгелі отыр. Әлем елдерінде әйелдердің сайланбалы органдарда өкілдік етуін арттыру құралдарының бірі - әйелдер үшін арнайы квоталар енгізу болып табылады. Партиялық арнайы квоталар Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады және тиісті нормалар Германияда, Норвегияда, Францияда және Бельгияда сайлау туралы заң деңгейінде бекітілген.Қазақстан осы әлем тәжірибесін қолданып көрмекші.
Біздің батыр аналарымыздың жолын қуған қазақ қыздары бұл салада да өздерінің біліктілігін көрсетеді деп сенемін. Бұл тәжірибе әйелдерді елдің қоғамдық-саяси процестеріне ары қарай белсенді тартуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Гүлзада НЕТАЛИЕВА,
Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің директоры