«Есіктен есікке»: Үгіт-насихат жұмыстары - Есбол ауылында

Жұмыстар «Есіктен есікке» акциясы аясында жүзеге асуда.

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың үгіт-насихат аясында сайлаушыларды 100% қамту туралы тапсырмасына сәйкес партияның әр өңірдегі сайлауалды штабы қызу жұмысқа кірісті. Тапсырманың толық орындалуы үшін барша нұротандықтардың, әсіресе, кандидаттардың сайлау науқанындағы белсенділіктері маңызды екені белгілі. Пандемияға байланысты көп адам жинамай, шағын жиындарды өткізуді көздеген партия «Есіктен есікке» акциясын қолға алды.

e

Акция барысында Махамбет аудандық мәслихатына «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Жексенбай Пазулов, Сейтжан Құжырбаев және Айзада Байғалиева бастаған кандидаттар Есбол ауылына барып, үйлерді аралап, тұрғындар тілегіне құлақ түріп, партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Негізінен зейнеткерлер, қарапайым жұмысшылар, мұғалімдер мен дәрігерлермен кездесіп, олардың толғандырған мәселелеріне құлақ түріп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсінікті тілде жеткізу үміткерлердің негізгі жұмысы болып табылады.

e

- Еліміздің қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партияның өз ішіндегі сайлауына, яғни праймеризге қатысып, бағымды сынап, қажетті деңгейдегі дауысты жинап, мәслихат депутаттығына кандидаттар тізіміне іліктім. Мұның өзі мен сияқты жас маман үшін үлкен жетістік дер едім. Енді сайлау алдындағы маңызды кезеңде, яғни үгіт-насихат жұмысы барысында тұрғындардың жетекші партияны таңдауына, бағдарламамен нақты танысуына мүмкіндік беруге кірістік. Есбол ауылындағы өзекті мәселенің бірі Есбол-Қазыбай каналының іске қосылуына ықпал жасау, су бөгеттерінің жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауылда спорт алаңдарын салу секілді өзге де жұмыстар партияның бағдарламасында қарастырылып отырғанын, алдағы бес жылда бұл жұмыстар толық іске асатындығын түсіндірдік. Бағдарламамен жіті танысқан тұрғындар сайлауға қуана-қуана баратындықтарын, «Nur Otan»-ға дауыс беретіндерін естіп, есболдықтарға риза болдым. Ауылдың үлкендері ақ батасын беріп те жатты. Жалпы, нұротандықтар қандай қиын кезең болмасын, халықтың жанынан табыла білді. Биылғы елдегі төтенше жағдай кезінде біржолғы көмек ақша беру, азық-түлікпен көмектесу, осының бәрі партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен жүзеге асқан болатын. Ендеше, осынау жақсылықты көрген халық таңдауы «Nur Otan» болады деген сенімдемін. Алдағы сайлауда барша сайлаушыларды көшбасшы партияға дауыс беруге шақырамын,- дейді аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Айзада Жексенғалиқызы.

e

Орындалмайтын уәде беруден аулақ, бірреттік пайданы көздемейтін партия қоғамның дамуы мен азаматтардың тұрмысын жақсарту жолында тынымсыз жұмыс жасауда. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде бетпе-бет жүздесу, онлайн кездесулер арқылы және әлеуметтік желілердің көмегімен жүргізілетін іс-шаралар шамамен 18 мыңға жуық махамбеттікті қамтымақ. Елдегі ахуалға байланысты үгіт-насихат кезеңінде сайлау заңнамасының талаптарын және санитарлық-эпидемиялық нормаларды қатаң сақтау қажет.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ,

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Махамбет ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT