Еліміздегі кітапхананы цифрландыру 2007 жылы Елбасының бастамасымен, Қазақстан Республикасы мәдениет министрінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы базасында жүзеге асқан болатын.
Бүгінгі таңда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында өлкетану құжаттарының сирек қорлары мен қолжазбаларын Қазақстан ұлттық электронды кітап қорына ауданымыздың ақын – жазушылары С.Бердімұратовтың «Сезім саздары» өлең және әңгімелер жинағы, Қ.Смадияровтың «Аустиязовтар әулеті» ғұмырнамалық кітабы, Қ.Есқалиевтың «Намыс жасы» әңгіме-повестері еніп отыр. Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» мақаласына орай «Туған жер» бағдарламасы түзілгені белгілі. Аталған бағдарламаны іске асыру мақсатында «Кітапханаға 100 кітап сыйла» республикалық жобасы қабылданған еді. Соған сәйкес Қ.Смадияров ағамыз өзінің жалпы саны 370 данадан құрайтын кітабын кітапхана қорына тарту етті.
К.СУХАНҒАЛИЕВА,
аудандық кітапханалар жүйесінің бөлім меңгерушісі.