Сенаторлар Махамбет ауданында болды

Атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ғұмар Дүйсембаев пен Сағындық Лұқпанов жұмыс сапарымен Махамбет ауданында болды. Алдымен аудандық әкімдікке ат басын бұрып, аудан басшысымен, мәслихат хатшысымен, жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесті.

senat06052021-2

Сенатта 50-ге жуық заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге мүмкіндік алғанын айтқан сенатор Ғ.Ислямұлы «донор» өңір саналатын Атыраудың ел экономикасына қосып жатқан үлесінің зор екендігін, алайда облыстың 18 елді мекенінде әлі де көгілдір отынның, тегіс жолдың жүргізілмеуі көңілді түсіретіндігін атап кетті. Су мәселесіне келгенде Жайық, Ойыл өзендерінің жайы, сондай-ақ тарихи орын – Сарайшықтың мәселесі соңғы кездері Парламентте жиі көтеріліп келе жатқандығын тілге тиек етті.

s

Кездесуден соң сенаторлар Атырау облысының әкімі М.Досмұхамбетов алғашқы кірпішін қалаған су есептегіш құралдар шығаратын зауыттың құрылысымен танысты. Айына 18 мың дана есептегіш құрал шығаруға қауқарлы зауыт болашақта республиканың өзге өңірлерінің де сұраныстарын қанағаттандыратын болады. Өндіріс орнында жұмыспен қамтылатын 80 адамның жарты¬сынан көбі жергілікті азаматтар болмақ. Алғашқы өнімді қыркүйек айында шығаруды жоспарлап отырған «GURYEV» ЖШС жұмысына халық қалаулылары сәттілік тіледі.

s

Кейін Сенат депутаттары Жалғансай ауылдық округіндегі «Рамазан» шаруа қожалығында болды. Биылғы жылы 20 гектар жерге көкөніс егіп, жылыжайда лимон өсіруді қолға алған қожалық жергілікті халықты жұмыспен қамтып отыр.

s

- Сарайшыққа дәл қазір көңіл бөлмесек, барымыздан айырылып қалуымыз әбден мүмкін. «Ел туризмін дамытуға үлес қосатын бірден-бір орын деуге әбден лайық» деп шұғыл түрде сауал дайындап, Үкімет отырыстарында талқылауға ұсындық. Бұл ұсыныстарды қабыл алған Мемлекет басшысы өткен жолы өз сөзінде Сарайшықтағы сапар орталығының құрылысын бастауды тапсырды. Ал бүгінгі таңда Махамбет ауданындағы жасалып жатқан жұмыстарға көңіліміз толды. Осы ауылдың азаматтары су есептегіш құрылғыларды өз жерлерінде жасамақшы. «Рамазан» шаруа қожалығында да жұмыс қызу. Атыраудың ауа райына қарамай алма ағашын сонау Беларусь елінен әкеліп, патенттеп, оған қоса жылыжай салып, көкөніс егіп, қалаға тапсырып отыр. Мұның барлығы елдің дамығандығын, Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі деп есептейміз,-дейді сенатор Ғ.Дүйсембаев.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT