Махамбет ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Кадрлық ауыс-түйіс

Махамбет ауданы әкімі Р.Джанглишовтың өкімімен Махамбет ауылы әкімі лауазымына Махсут Жолдасқалиұлы Баймишев тағайындалды. Ауылдық округ әкімі аппаратына жиналғандар жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тілеп, ауылды көркейтуге үлес қосуын тіледі. Ауыл ақсақалдары Т.Үмбеталиев, Қ.Сисенов, аудандық мәслихат хатшысы Қ.Мажиев, қоғамдық кеңес төрағасы С.Жайлашевтер ыстық лебіздерін жеткізді.

baimishev123-2

Баймишев Махсут Жолдаскалиевич 1961 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылында шаруа жанұясында дүниеге келген. Еңбек жолын 1978 жылы Махамбет аудандық «Казсельхозтехника» бірлестігінде жөндеуші болып бастаған. 1979-1984 жылдары Алматы қаласындағы Қазақтың Еңбек қызыл ту орденді Ауылшаруашылық институтында оқып, инженер-механик мамандығын алады. 1984-1986 жылдары Махамбет аудандық «Райсельхозтехника» мекемесінде мастер, инженер мамандығы бойынша жұмыс жасаған.

1986-1989 жылдары Қазақстан БЛКЖО Махамбет аудандық комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі, аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы міндетін атқарған. 1989 -1990 жылдары аудандық «Райселхозтехника» мекемесінде инженер-дефектовщик міндетін атқарған.

1990-2001 жылдары Махамбет аудандық Агроөнеркәсіп Одағының мемлекеттік техника бақылау инспекциясының бас инженері, 2001 жылы АФ РГП «Казахавтодор» Махамбет ауданы №22 жол участогының бастығы, 2001-2002 жылдары «Атыраунефтемаш» ЖШС-де транспорт цехының диспетчері болып жұмыс жасаған.

2002-2004 жылдары Махамбет аудандық ауылшарушылығы бөлімі басшысының орынбасары, 2004-2006 жылы аудан әкімінің көмекшісі, 2006-2008 жылдары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2008 жылы Бейбарыс ауылдық округінің жетекші маманы, 2008-2009 жылдары аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы лауазымын атқарған.

2009-2010 жылдары «Эмбамұнайқайрат» ЖШС-де учаске бастығы, 2010-2014 жылдары «Барыс», «КСБ груп» ЖШС аға күзетші, 2015 жылы Есбол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2015-2017 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, 2017-2018 жылдары Махамбет ауылдық округі әкімі аппаратының коммуналдық бөлімінің басшысы болып жұмыс жасаған.

2018 жылдың шілде айынан бастап Махамбет ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқарып келген.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT