Махамбет ауданының бас дəрігері эпидемиологиялық ахуал туралы айтты(+ВИДЕО)

Аудан орталығында төрт, әр ауылда бір мобильді жедел топ тұрғындардың хабарламасы арқылы үйлеріне барып, науқасқа медициналық көмек көрсетуде

Аудан орталығында төрт, әр ауылда бір мобильді жедел топ тұрғындардың хабарламасы арқылы үйлеріне барып, науқасқа медициналық көмек көрсетуде, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Махамбет аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Елдос Қыдырсиықовтың айтуынша, қазіргі уақытта аталған ауданда короновирус инфекциясымен ауруханаға түскендер саны азайды.

"Маусым айының соңы мен шілде айының басында ем қабылдап жатқан науқастар саны 50 адам болса, қазіргі уақытта короновирустың симптомды түрімен 7 науқас ем алуда. Жағдайлары бірқалыпты. 40 орындық провизорлық стационарды қысқартып, қазір 10 кереует қалдырдық. Дегенмен, босаңсуға болмайды. Пандемияның "екінші толқынына" дайын болуымыз керек. Дәрілік қор жасақталуда", дейді Елдос Қыдырсиықов.

Карантин жағдайы біткен соң аудан емханасы "офлайн" режимге өтуге дайын. Соған қарамастан ірі қалаларға, облыс орталығына квота бойынша емделуге науқастар жіберіле басталған.

Сондай-ақ, хирургиялық жағдайда және жүкті әйелдер үшін емхана жанынан құрылған жедел топтар тәулік бойы қызмет етуде. Қазіргі уақытта Сарайшық ауылындағы дəрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтуде.

Айта кетелік, аудандарда да температура түсіретін дәрілік заттар, антибиотиктер, вирусқа қарсы препараттар коронавирустың симптомды түрімен ауырып жатқандарға тегін берілуде.

Сонымен қатар, демеушілердің көмегімен әкелінген оттегі концентраторлары әр ауылдық амбулаториялық пункттерге жіберілген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT