Сегіз жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Махамбет ауданында заңды талапқа бағынбаған жүргізушіге әкімшілік жаза қолданылды

Махамбет ауданында заңды талапқа бағынбаған жүргізушіге әкімшілік жаза қолданылды.

Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде сағат 18.00- шамасында құқық бұзушы көлік құралын басқарып келе жатып, Махамбет ауылы, Әйтеке би көшесі бойында тоқтатылып, ішкі істер органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамаған.

Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігі бойынша тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік іс қаралады. Сот отырысында «WhatsApp»-желісі арқылы байланысқа шыққан С. өз түсінігінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып көрсетеді.

Сот қаулысымен құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 (он бес) тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 8 (сегіз) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT