Теңіз кен орнынан 6,5 мың мұнайшы «Спутник V» вакцинасын алуға ниетті

Қазіргі уақытта ТШО-ның 1 мыңнан астам қызметкері коронавирусқа шалдыққан, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТШО-ның жұртшылықпен және үкіметпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев айтты. Спикердің айтуынша, 9 сәуірде ТШО мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдарының қызметкерлерін вакцинациялау үшін денсаулық сақтау басқармасы "Спутник V"вакцинасының 4 мың дозасын бөлді. Қазіргі уақытта Атырау мен теңізде екі егу орталығы ашылды.

- Қазіргі уақытта вакцинаны 1 мыңнан астам қызметкер алды, тағы 6,5 мың адам кезекте тұр. Өндірісте вакцинация жүргізу бойынша белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Вакцинаны тұрғылықты жері бойынша алған қызметкерлер де бар, басқа қаладан келгендер тіркелген жері бойынша егіледі, - деді Рзабек Артығалиев.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Теңіз кен орнында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуінің оң динамикасы байқалады. Мысалы, соңғы тәулікте Covid -19 жұқтырудың 3 жағдайы анықталды.

-Сонымен қатар, теңіз кен орнында қызметкерлерді ПТР-тестілеу қарқынды жүргізілуде. Қауіпті індет жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдар жедел оқшаулануда. Осылайша, инфекцияға тосқауыл қою бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда, - деді Рзабек Артығалиев.

Спикердің айтуынша, "Спутник V" вакцинасының екі компонентін де алған қызметкерлерге жақын арада оқшаулау рәсімінен өтудің қажеті болмайды. Бұл ТШО қызметкерлерінің психологиясына да оң әсер етері анық.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT