Ауданда дәрі-дәрмек қоры тексерілді

Мұндай көрсеткіштегі қор індет алқымнан алған жағдайда науқастарды емдеуге толықтай жеткілікті.

COVID-19 дертіне қарсы екі айлық дәрі-дәрмек қоры Махамбет аудандық ауруханасында сақтаулы.

Мұндай көрсеткіштегі қор індет алқымнан алған жағдайда науқастарды емдеуге толықтай жеткілікті. Бұл туралы "Атырау-Адалдық алаңы" Махамбет аудандық жобалық кеңсесі өкілі А.Сирашпен бірге өткізілген қоғамдық бақылау барысында белгілі болды. Сонымен қатар тексеру жұмыстарына аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру дайындығы және мемлекеттік қызмет сапасын бақылау бөлімінің бас маманы Н.Бердіғалиев, аудандық мәслихат депутаты Ж.Дүйсембаев, қоғам белсендісі С.Жайықовтар қатысты.

d

Бұл жолғы мақсат – аудандық аурухананың дәрі-дәрмек қорын тексеру, қос өкпесі қабынып, аурухана кереуетіне таңылғандарды аяқтан тұрғызуға сеп болар препараттардың жеткілікті екендігіне көз жеткізу. Біз бас сұқққан аурухананың қос қоймасы да дәрі-дәрмекке толы, түр-түрін кездестіруге болады.

d

Бірінде амбулаторлық-диспансерлік есепте тұрғандарға берілетін дәрілер болса, екіншісінде пневмония, коронавирусқа қарсы препараттар, сонымен қатар антисептик, қорғаныш киім, бетперде секілді аса қажетті заттар сақтаулы.

d

Аурухана директорының орынбасары Ардақ Хайдаровтың айтуынша, пандемия қыспаққа ала қалған жағдайда мұнда екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры дайын.

d

- Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан бөлек демеушілер тарапынан қолдау, гуманитарлық көмек көрсетіліп, қазіргі таңда аурухана есебінде 33 оттегі концентраторы мен 8 жасанды тыныс алу аппараты бар. Мұндай көлемдегі жабдықтар бұрын-соңды болмаған. Заманауи, жаңа медициналық құрал-жабдықтармен ем-домды да заманға сай қолданамыз. Өткен жылдың жаз айында жағдайдың қалай ушыққанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Бетін әрмен қылсын, бірақ қазіргі ахуал сондай деңгейде дейін жетер болса, аурухана толықтай дайын, - дейді А.Жастілекұлы.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз