Саян – бас жүлде иегері

Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы дәстүрлі «Тіл шебері -2018» облыстық байқауына ауданымыздан қатысқан Махамбет ауданы әкімі аппаратының маманы Саян Меденов қарсыластарын шаң қаптырып, «Бас жүлдені» қанжығаға байлады.

Байқаудың мақсаты — қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау болды. Басты ұстаным — олардың үш тілді меңгеру деңгейі мен тілдік норманы сақтауы, орфографиялық және орфоэпиялық сауаттылықтарына көңіл аударылды. Соның ішінде мемлекеттік тілді жетік білуі қазылар алқасының назарында болды. Білім мен біліктілік бәйгесіне талабын ұштап, үмітін үкілеп келген 11 жас мемлекеттік қызметшілердің арасынан ойының ұшқырлығымен көрініп, білім- ділігі, тапқырлығы арқылы көзге түсіп, қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан біздің Саян «Бас жүлдені» жеңіп алып, республикалық байқауға жолдама алды.

Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз