Ардагер анаға арба сыйлады

«Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасын қолға алған болатын.

Бұл жобаның мақсаты — әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын беру. Жоба аясында ауданымыздың тұрғыны Жұмабаева Батиха анамызға демеушілік арқылы мүгедек жандарға арналған арба табыс етілді. Батиха анамыз 1928 жылы Аққайың (Сорочинко) ауылында дүниеге келген. Медицина саласында 30 жыл аянбай еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Ұлы Отан соғысының ардагері Смадияров Бисен ағамызбен шаңырақ көтеріп, 1 қыз, 1 ұл тәрбиелеп өсірген. Бүгінгі күні ұл-қызынан 6 немере-жиен, 2 шөбере сүйіп отырған 90 жастағы бақытты әже.

Б.СҮЙЕУОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз