"Сәтті жұма" акциясы жалғасын табады

Осындай атаумен ауданымызда Атырау облыстық " Қазпошта" АҚ Махамбет аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен акция өз жалғасын тапты.

Жұма күні пошта бөлімшесіне келуші аудан тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлау мақсатында өткен акция барысында әртүрлі лотореялар ойнатылып, ақшалай ұтыс иелері анықталды.

Сонымен қатар, бөлімшеден тегін тіркелу арқылы берілетін Аliexpess төлем картасы жөнінде кең көлемде түсінік берілді. Бұрынғыға қарағанда бұл шараның ерекшелігі, қатысушылар ақ дастарқаннан дәм ауыз тиіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Аудандық бөлімшенің байланыс операторы Шынар Кенжеғалидың айтуынша, аталған акция алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Күндердің ішінде қасиетті саналған жұма күні сәттілік серік болған акция қатысушылары арасында барлығы 83 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық иелері анықталды.

Айта кетейік, акция барысында барлығы 176 билет сатылып, оның ішінде 44 адам ұтысқа ие болды.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT