Әуесқой балық аулауға рұқсат беріледі

Жазғы әуесқой әрі спорттық балық аулау маусымы басталды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына сәйкес, 1 сәуірден 15 маусым аралығында балық аулауға шектеу қойылатыны көрсетілген, соған байланысты 16-шы маусымнан бастап енді тұрғындардың ауданымыздағы өзен, су қоймалары мен тоғандардан балық аулауына болады.

Жеке куәлікпен бір балықшының 5 ілмектен артық қолдануына рұқсат етілмейді. Сондай-ақ, тыйым салынған құралдарды пайдалануға, бір шыққанда 5 келіден артық балық аулауға болмайды. Егер балық аулау тәртібін бұзғандар анықталса, әкімшілік жауапқа тартылып, 27780 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Әуесқой балық аулау тәртібінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Ешқандай құжат да қажет емес.

Т.Есмуханова,

Махамбет инспекциясы бөлімінің маман инспекторы

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT