Махамбет ауданы өкімімен әкімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне Сираш Айбек Саматұлы тағайындалды.
Сираш Айбек 1999 жылы Атырау облысы Махамбет ауданында дүниеге келген.
2018 жылдың шілде айынан бастап желтоқсан айына дейін аудандық білім беру бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша нұсқаушы маман болып жасаған.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясында тәлімгер қызметін атқарған.
2019 жылдың тамыз айынан бастап Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы Азаматтық орталығы КММ-нің Махамбет аудандық маманы болып қызмет етуде.
2019 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Атырау Адалдық алаңы" Махамбет аудандық жобалық кеңсесінің жетекшісі болып қызмет етті.