Сарытоғайда қайырымдылық сөресі ашылды (ВИДЕО)

Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі.

Ислам дініндегі ерекше маңызды құндылықтардың бірі мұсылман адамдардың бір-бірін Алла разылығы үшін жақсы көруі. Міне, дәл осы мінезге бүгінгі қоғамымыз ауадан да, судан да мұқтаж десек, артық айтқандық емес. Бір-бірін жақсы көретін адамдардан құралған қоғамның бүгіні бақытты, келешегі кемел.

Қазіргі қиын-қыстау кезінде әрі Рамазан айында осындай жақсылық жасап жарысқан жастардың бірі сарытоғайлық жеке кәсіпкер Ақтолқын Молдабекованың ұйымдастыруымен, ерікті ауыл жастары жиналып, өздерінің ауылдас көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға ай сайын көмектесіп, азық-түлік таратып, қайырымдылық шараларына белсенді қатысуда.

«Осы Рамазан айы басталғаннан бастап «Зарина»дүкенімнің бір бұрышынан қайырымдылық сөресін арнап, жастар жиналып,күнделікті тамақ түрлерімен толтырып, алам деушілерге тегін, ал көмек берем, өз үлесімді қосам дегендер де үлесін қосып, ақшалай да көмек қолдарын созуда. «Ауылымызға көмектесейік!» деген ұранмен бастама жасағанымызға да бір жылдай болған екен.Осы бастамамызды әлі де жалғастырамыз» дейді Ақтолқын Сырлыбекқызы бастаған ауыл жастары.

Ауыл жастарының Алла разылығы үшін жасап жатырған ізгі-ниеттері қабыл болғай демекпіз.

Кенже САПАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT