Төтенше жағдайға байланысты «Біз біргеміз» акциясына Ақжайық ауылдық округі де үлестерін қосуда.
Округ әкімі С.Жұмағалиевтың айтуынша, ауыл кәсіпкерлері де акцияға үн қосып, көмектерін беріп жатыр екен.
- Мәселен, кәсіпкер Ж.Оңайғалиев 18 га жерге егін еккен болатын. Ол 10 адамға демеушілік көрсетуге уәде берді. Қашанда көмекке дайын тұратын «Дастан» шаруа қожалығы егіндерін 9-ауылға ауыстырғандықтан, алдағы уақытта көмек көрсетпек ниетін білдірді. Біз округ бойынша көмекке мұқтаж адамдардың арнайы тізімін жасап қойдық. Әзірше тізімге 16 адам ілікті. Алдымен ауылдағы алты адамға көмектестік. Ауылда 4 азық-түлік дүкені тұрақты жұмыс жасап тұр. Азық-түлік қолжетімді бағада сатылуда, бүгінде тоғыз түрлі азық-түлік бағасына шектеу қойылып отыр. «Құмшығанақ», «Откорм» елді мекендерінде халық малмен ғана күнелтеді, олардың да жағдайлары жақсы. Округтегі «Дастан» дүкені, «Гаухар» шайханасы, «Алфия» мейрамханасы уақытша жұмысын тоқтатқан. Осы қиын шақта ауыл-аймақ тазалығына мән беріп, Жайық суын сақтап қалуға жұмыстанып жатырмыз. Қазіргі уақытта Жайықтың көздерін ашып, өлі көлбақалардан тазарту жұмыстарын да атқарудамыз, - дейді С. Жұмағалиев.
А.Қуанышқалиева
Cурет:дереккөз