Ұзындығы 1,4 шақырым болатын тасжол 2019 жылы 24 желтоқсанда тапсырылған.
Махамбет ауданындағы Сарытоғай-Бала Ораз ауылдарының арасында тасжолдың сапасын бақылау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Қоғамдық бақылау жұмыстарын Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен «Атырау-адалдық алаңы» Махамбет аудандық жобалық кеңсесі бірлесе өткізді. Ұзындығы 1,4 шақырым болатын тасжол 2019 жылы 24 желтоқсанда тапсырылған.
Мердігер мекеме «Бекет Сат Жол» ЖШС. Жобаның құны 126 589,5 теңге.
Қазіргі уақытта «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалы мамандары керн кескіндерінің сапасын зерттеуде.
Өз тілшіміз