Сарайшықтың тұрғындары балаларға ойын алаңын орнатты

Қазақта «берсең, бала бер!» демей ме? Енді балалар жаңадан бой көтерген алаңда асыр салып, құмарлары қанғанша ойнайтын болады.

Сарайшық ауылының белсенді тұрғындары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып бірігіп, өз қаражаттарына үш жерге балаларға арналған ойын алаңын орнатты.

Игілікті іске ел ағалары да, жастар да атсалысқан. Енді ауыл балалары ескі Сарайшықтан, орталықтан және ауыл шетінен салынған ойын алаңдарына келіп алаңсыз асыр салып ойнайтын болады.

a

- Бұл ауыл жастарының бастамасы. Ерекше белсенділік танытып, өз ойларымен бөліскен жастарды ауыл ақсақалдары қолдады. Ауыл басшысы ретінде менде қолдауымды көрсеттім. Бүлдіршіндердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін осындай алаң салуды ұйғарған ауылдастарыма бек ризамын. Көңілдің гүлі, көздің нұры саналатын балаларға қуаныш сыйлау- үлкен бақыт.

Қазақта «берсең, балаға бер!» демей ме? Құмарлары қанғанша ойнап жүрген балаларды көріп ерекше сезімге бөлендім. Ауызбіршілік бар жерде алынбас асу болмайтынын сарайшықтықтар тағы да дәлелдеді , - дейді Сарайшық ауылдық округінің әкімі Нұрғуат Досқайыров.

К.САПАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT