Бұл тез таралатын тажал

Күллі адамзат атаулыны аяғынан тік тұрғызған «COVID-19» пандемиясының басталғанына да бір жылдан асты.

Күллі адамзат атаулыны аяғынан тік тұрғызған «COVID-19» пандемиясының басталғанына да бір жылдан асты.

Осы уақыт ішінде індет дүниежүзінің барлық еліне дерлік таралып кетті. Ғалымдар COVID-19 вирусы жарқанаттан адамға жұғу қасиетіне ие болмас бұрын орта жолда белгісіз сүтқоректіні мекен етіп, мутацияға ұшырап, содан соң ғана адам клеткасына ену мүмкіндігіне ие болған деп есептейді. Вирус көлемін білгіңіз келсе, ол иненің ұшындай ғана жерге миллиондаған вирус кіре алады екен.

Коронавирус жер бетінде адамзат пайда болмастан 5 млрд жыл бұрын өмір сүріп келе жатқан көреді. Ғалымдар тек 1965 жылы ғана оның бар екенін анықтапты. 2000 жылға дейін коронавирус адамзатқа аса қауіпті эпидемиялар мен пандемиялар туғыза алған жоқ. Оның 400-ге жуық түрі анықталса, 40-ы ғана адамдар мен сүтқоректі жануарларға тән. 2002 жылы SARS-COV вирусы Қытайдың Гуандул қаласында басталып, әлемнің 29 мемлекетін қамтыды. Ол 8096 адамға жұғып, одан 744 адам көз жұмыпты. ТОРС эпедемиясы немесе атпличная пневмония деген атқа ие болды. Коронавирустың 2-ші пандемиясы 2012-2015 жылдары Сауд Аравиясында басталып, 23 елді жайлады. Ол «Таяу Шығыс репираторлық синдромы» деген атты иеленген. Бұл тәжвирус ғылыми түрде MERS-COV деп аталды. Осы жылдарда 23 елдің 2494 адамына жұғып, 802 адам өмірден озды.

Мен айтып өткен COVID-19 пандемиясына дейін 2 пандемия неліктен кең таралмады? Кез келген ауру туғызатын микроорганизмдердің айрықша атап өтетін 3 қасиеті барын айта кетейін. Ол жұқпалылығы, дерт тудырғыштығы, жасырын кезеңнен тұрады. Біз атап өткен SARS, MERS вирустарының ауру тудырғыштығы COVID-19-ке қарағанда өте жоғары болғандықтан ауырған адамдар тез өліп кетіп отырыпты. SARS- те өлім көрсеткіші-9,1 пайыз болса, MERS-те 34,5 пайыз. Жасырын кезеңі қысқа (4-6 күн) болғандықтан тез тарала алмаған. Ал мына тәжвирустың жұқпалылығы жоғары, өлім көрсеткіші 0,68 пайыз, жасырын кезеңі ұзақ(14 күн) болғандықтан дерт адамдар арасында жер бетінде таралуға мүмкіндік алды.

1918-1920 жылдары «Испан» тұмауы пандемиясы жер бетіне 18 айда таралса, қазіргі пандемия 1,5-2 айда жер шарының барлық құрлықтарына таралып, тіркеліп жатыр. Соңғы зерттеулер анықталғандай, тәжвирус инфекциясы ауру белгілерінсіз т үрі 40-60 пайызға дейін деп болжануда. Бұл тажалдың осыншама тез таралуының негізгі себептерінің бірі екені белгілі болып отыр. Бір жыл бойына вирустың әлемнің түкпір-түкпірінде сайран салуының себебі де осында жатыр.

Сондықтан барлық сақтық шараларын қолданып жүрген артық етпейді.

М.ШУАҚБАЕВ,

Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері балалар бөлімінің меңгерушісі,

жоғары санатты дәрігер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521