Махамбетте салынатын зауыттың алғашқы кірпіші қаланды

Махамбетте салынатын зауыттың алғашқы кірпіші қаланды

Бұл күн Махамбет ауданының тарихында алтын әріптермен жазылатын болды.

2021 жылдың 31 наурызында өлшеуіш құрылғылар шығаратын зауыттың алғашқы кірпішін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қалады. «GURYEV» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастамасымен жүзеге асқалы отырған өлшеу құрылғыларын өндіру кәсіпорнының алғашқы кірпішін қалау салтанатты шарасы өтті.

Шараға облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы, облыстық мәслихат депутаты, «БатысАльянСтрой» ЖШС директоры Әділ Орынбасарұлы секілді мәртебелі қонақтар мен ауыл тұрғындары қатысты.

s

Бүгін өңіріміз үшін ерекше жоба жүзеге асқалы тұр. Қазіргідей қиын кезеңде біз үшін әрбір ашылған жаңа жұмыс орны, өндіріс ошағы маңызды. Сол себепті де іргетесы қаланғалы тұрған су жүйелерін есептегіш құрылғыларды шығаратын зауыт құрылысына сәттілік тілеймін. Бұл – Махамбет ауданында бой түзейтін алғашқы өндірістік кәсіпорын. Елге пайдалы мұндай жобалардың санын көбейту жұмыстары жалғасады. Осы үлкен жобаны іске асырғалы отырған «GURYEV» кәсіпорнының бастамасы сәтті болсын, -деді облыс әкімі М.Досмұхамбетов.

Шетелдік құрылғылармен жабдықталған зауыт айына 18 мың дана есептегіш құрал, шығаруға қауқарлы. Бастапқыда мұнда механикалық есептегіш құралдар шығарылады. Бірақ болашақта олардың электрондық түрлері де өндіріледі. Осы орайда елімізде жүргізіліп жатқан ақпарат тасымалдау жүйелерін цифрландыру жұмысына да игілігі тиетін ерекше жоба деуге болады. Алғашқыда зауыт облыс кәсіпорындары мен ұйымдарын қамтамасыз етеді. Ал болашақта республиканың өзге өңірлерінің де сұраныстарын қанағаттандыратын болады. Өндіріс орнында жұмыспен қамтылатын 80 адамның жартысынан көбі жергілікті азаматтар болады.

a

Осы уақытқа дейін Теңіз кенішінде электронды есептегіш құрылғылармен жұмыс жасап келдім. Ендігі кезекте мамандық бойынша оқытылып, ауылдың іргесіндегі зауытта қызмет атқаратын болдық. Кәсіпорынның ашылғанына қуаныштымыз, сәттілік тілеймін, - дейді жас маман, Сарытоғай ауылының тұрғыны Азамат Сұлташев.

z

Кәсіпорынның алғашқы кірпішін қалау облыс әкімі М.Досмұхамбетов пен кәсіпорын басшысы Ж.Бекбасаровқа жолданды. Кейін өңірге белгілі JM CAPITAL, BI Group секілді компаниялармен қоса аудан әкімі Ринат Джанглишов жаңадан бой түзегелі отырған «GURYEV» ЖШС-мен меморандумға қол қойды. Кәсіпорын басшысы болашақта сатып алушылардың саны артатынына сенімді.

j

Бұл – өте маңызды жоба. Өздеріңіз білесіздер, жылы және салқын суды өлшегіш құралдар шетелден тасымалданды. Өзіміздің жүргізген зерделеу жұмыстарының көрсеткен оң нәтижесінде осы жобаны бастадық. Осылайша, екі жылдан кейін алғашқы іргетасы қаланып отыр. Есептегіш құралдар Қазақстанда екі жерде шығарылады. Бірақ олардың өзі Қытайдан әкелініп, бізде жиналады. Ал біздер жүз пайыз, яғни материалын да, өзін де түгел Қазақстанда шығарамыз. Бірінші өнімді осы жылдың қыркүйек айында аламыз деп күтіп отырмыз. Технологиялық процестердің барлығын өзіміз автомизация жасап, экологияға зияны тигізеді деген процестердің барлығын алып тастадық. Яғни, зауыттың қоршаған ортаға ешқандай зияны жоқ, - деді «GURYEV» ЖШС басшысы Жеңіс Бағытжанұлы.

Отандық өнімнің бәрі толықтай сатылатын болса, шетелден келетін өлшеу құралдары азаяды. Бұл дегеніңіз, ел экономикасының дамуына отандық зауыт зор септігін тигізбек.

Ендеше, ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған өңірге таңсық жобаға зор табыс тілейміз.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521