Сарайшықтың әкімі өз қаржысына оттегі аппаратын алмақшы

Халықтың қамын ойлап, бас көтерген ауыл әкімінің бұл ісі мақтауға тұрарлық деп білеміз.

Соңғы күндерде әлеуметтік желідегі жақындарынан айырылған жандардың жазбасын оқып отырып, іштей қынжыласың, көзіңе еріксіз жас келеді. «Бір жұтым ауаға зар болып» кеттің деген сөздер тіптен сай-сүйегіңді сырқыратады. Бірден өз ата-анаң, бауырың, көршің, тіпті ауылдасыңды ойлап алаңдайсың. Заман қанша дамып, адамнан айла аспады десек те, ауру айтып келмейтіні сөсіз.

Өкінішке орай, жыл сайынғы медицинаға бөлініп жатырған қыруар қаржы мен берілген есептің бірі де бұл күнде халықтың жыртығына жамау, ауруына шипа болмай отыр. Ең ақыры, қарғысты да, алғысты да қатар еститін қарусыз майданда қос қолдап күресіп жүрген жанкешті дәрігерлер ғана.

Абырой болғанда, ашынған елдің ащы дауысы жеткені сол еді кәсіпкерлер қолда барын, блогерлер қорын жинап жүгіріп, ауруханаларға аппарат пен дәрі-дәрмек тасуда.

Ал, Сарайшық ауылының әкімі Нұрғуат Досқайыров ауылдық стационарға өз қаржысына оттегі концентарорының біреуін алғызып жатыр. Халықтың қамын ойлап, бас көтерген ауыл әкімінің бұл ісі мақтауға тұрарлық деп білеміз.

А.САТАЕВА

Сурет: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT