Махамбет аудандық ауруханасына 100 қорғаныш киімін алып берді

«Ер ісімен сыналатынын» естен шығармаған ел ағалары да арамыздан табылуда. 

Халқымыз, «тұлпарда да тұлпар бар, қазанаты бір бөлек, жігітте де жігіт бар азаматы бір бөлек» деп дәл тауып айтқан ғой шіркін.

Жаппай індет жайлаған осындай қиын-қыстау уақытта «ер ісімен сыналатынын» естен шығармаған ел ағалары да арамыздан табылуда.

Блогерлер мен белсенділер әлеуметтік желінің күшімен оттегі аппаратына, дәрі-дәрмекке тиыннан ақша құраса, біздің атымтай жомарт ағаларымыз бірден қомақты сома аударып, қайырымдылық жасаудан жарысып жатыр.

Солардың бірі - Махамбеттің тумасы, кәсіпкер Нұржан Аханов оттегі аппаратын алуға бір күнде жарты миллион теңге ақша аударып, медицина қызметкерлеріне 100 қорғаныш костюмін алып берді.

А.ҚАНАТБАЙҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT