Сондай-ақ дәрі алу үшін аз қамтылған отбасыларға да көмек көрсетілді.
Киелі Сарайшық тұрғындары да басынан елімізді жайлаған ауыр індеттің салмағын өткеруде. Ауыл тұрғындары бас көтеріп, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, ежелгі ата дәстүрмен қан шығарып, құрбандық шалды.
Құрбандыққа құдай жолында садақа деп ауыл халқы болып жинаған қаражатқа бір сиыр, және ауыл әкімі өз атынан бір сиырды шалып, құрбан малының еті таратылды.
«Құрбан малының еттері садақа ретінде 90 отбасыға, оның ішінде аз қамтылған және көпбалалы, үйінде мүгедек, науқас жандары бар отбасыларға үлестірілді. Осындай игі істер бізді біріктіре түседі. Алла Тағала ниетімізді қабыл етіп, ауырып жатқандарға шипасын бергей. Сондай-ақ, дәрі алу үшін аз қамтылған отбасыларға да көмек көрсетілді»,- дейді ауыл әкімі Нұрғуат Досқайыров.
Өз тілшіміз