Махамбетте мас күйінде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке қамалды

Сондай-ақ, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) аз.Ж-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Құқық бұзушы маркасы «Lada-Largus» көлік құралын «Атырау-Орал» тас жолында алкогольдік масаң күйде басқарған.

Сотта құқық бұзушының кінәсі оның кінәсін толық мойындауымен қатар іске тіркелген іс-құжаттарымен толық дәлелденді. Соттың қаулысымен аз.Ж. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 15 (он бес) тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 7 (жеті) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521