Алимент төлеуден жалтарған борышкерге айыппұл салынды

Жеке сот орындаушының ескертпесіне қарамастан сот шешімін орындамаған.

Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) аз.А-ға қатысты әкімшілік ісі («WhatsApp» байланысы арқылы) қаралды.

Құқық бұзушы А.-дан өндіріп алушы Ә.-ның пайдасына ай-сайын табысының және (немесе) өзге де кірісінің төрттен бір мөлшерінде алимент өндірілген, борышкер А. жеке сот орындаушының ескертпесіне қарамастан сот шешімін орындамаған.

Сот отырысында А. кінәсін мойындап, өзінен алимент өндіру туралы сот бұйрығы бар екендігін, 2020 жылғы 15 маусымда ғана білгенін, сол күні жеке сот орындаушысы хабарлама бергенін, оған дейін  ешкім ескертпегенін, айыппұл салу түріндегі жазаны қолдануды сұраған.

Соттың  қаулысымен аз.А. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 13 890  (он үш мың сегіз жүз тоқсан) теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз