«Сарайшық» сапар орталығын музейлендіру жұмыстары жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Көне қаланың орнын туристік нысан ретінде дамытуға және оның танымалдығын арттыруға арналған тұжырымдама әзірлеу қажет. Бұл – бүкіл Қазақстанның туризм саласы үшін маңызды» - деп, Атырау облысындағы туризмді дамыту басты міндеттің бірі екендігін айтқан болатын.

Осы орайда Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған шараларын ақпараттындыру бойынша салынып жатқан «Сарайшық» сапар орталығы Сарайшықтың мәдени мұрасын елімізде ғана емес, шет елдерде де насихаттауға жол ашады. Бүгінгі күні мердігерлердің жұмысынан бөлек, жергілікті бюджет есебінен ғимаратқа сыртқы инженерлік желілер мен қоршаулар құрылысы жүруде. 2023 жылдың наурызына дейін құрылыс толықтай аяқталады.

– «Сапар орталығы» тек Сарайшық қаласының ғана емес, сонымен бірге, Қазақстандағы Ұлық ұлыс – Алтын Орданың басты музейі болуы тиіс деген мақсатты ұстанып келеміз. Орталыққа келген туристерге сапалы, мәнді де мағыналы саяхат ұйымдастыру негізгі жұмысымыз болып қала береді. Туристік бағыттар даярлап, мәтінін бекіту, жәдігерлермен таныстырушылармен жұмыс алдағы міндетіміз болып тұр. Біз өз жоспарымызды жүзеге асыру үшін қазіргі таңда Сапар орталығының музейлендіру жұмысы толық аяқталуы керек, - дейді «Сарайшық» тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Ә.Мұқтар.

Сапар орталығының ішкі-сыртқы құрылысымен қатар музейді экспозициялау жұмыстарына 100 млн теңге қаражат бөлінді. Орталықты музейлендіру жұмыстарын «Қазақ ғылыми зерттеу және материалдық құндылықтарды жобалау институты» ЖШС жүзеге асырып отыр.

– Алты залдан тұратын «Сапар орталығында» орналастырылатын музей жәдігерлерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, шеберлік сағаттарын өткізуге арналаған өнер лабораториясының қажетті құрал-жабдықтары дайын. Музей кітапханасын кеңейту, оны пайдалануды жолға қою, қолданысқа беру мақсатында арнайы жабдығымен орын дайындалуда. Биыл «Музейге сый» акциясынан өзге Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінен Сарайшықтың 2 жәдігері қайтарылды. Конференц-зал тікелей мақсатынан өзге көркемөнер туындыларының көрмесін ұйымдастыруға арналады. Одан өзге карталар бар. Әрі уақытша көрме залына айналдыруға болады,- дейді «Сарайшық» тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы О.Сағынбаева.

Сапар орталығы ашылғаннан кейін Ресей Федерация Дағыстан Республикасының Дербен музейінің көрмесі өтеді.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT