«Сарайшық» музей-қорығының ғылыми қызметкері Жүніс Байғалиев «Үздік жоба орындаушысы» аталымымен марапатталды

Соңғы жылдары елімізде оның ішінде Махамбет ауданында «Рухани жаңғыру» аясында тарихи, көне жәдігерлерімізді сақтау, музейқорықтарды мемлекет қамқорлығына алып, мамандарды жан-жақты оқытып, дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Ағымдағы жылдың 23-25 қараша аралығында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері Ж.Байғалиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде ғылыми – зерттеу және мәдени – білім беру жұмыстары, музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жолдарын жүйелеу және дамыту мақсатындағы республикалық ғылыми – әдістемелік семинар – тренингке қатысып келді.

Музей және ғылыми мекемелер қызметкерлеріне арналған «Қазіргі Отандық музей: жаңа тәсілдер мен өзекті іс – тәжірибелер» тақырыбында өткен семинар – тренингте ғылыми зерттеулердің өзектілігі, музейлік ғылыми экспедицияларды ұйымдастыру, ғылыми-қор және реставрация жұмысының жалпы әдістемелік мәселелері, музей педагогикасы, музейлік менеджмент және маркетингті дамыту тәжірибелері таныстырылды.

Семинар қорытындысымен қатысушылар арнайы сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар Сарайшық музей-қорығының ғылыми қызметкері Жүніс Байғалиев «Үздік жоба орындаушысы» номинациясымен де марапатталды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521