Махамбет ауданындағы мемлекеттік қызметшілердің орташа еңбек өтілі 4,5 жылды құрайды

Сапалы және кәсіби мемлекеттік аппарат құру және оның сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету – мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясаттың ең басты мақсаты.

Бұл тұрғыда Махамбет ауданының жергілікті атқарушы органдарында штат бойынша - 100, нақты 98 мемлекеттік қызметші қызмет атқарып, орта жасы деңгейі 42,3 жылды құрап отыр. Қызметкерлердің мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі 11,5 жылды, өз қызметтеріндегі орташа еңбек өтілі 4,5 жылды құрайды және мемлекеттік қызметшілердің 94,5 пайызы жоғары білімді.

Конкурс мәселесіне келер болсақ, 2022 жылы 12 мемлекеттік лауазымға конкурс жарияланды, оның 5-і  ішкі конкурстар. Жалпы конкурсқа қатысуға өтініш 12 кандидаттан түсіп, 8 қызметші конкурстық іріктеудің оң нәтижесін алып, қызметтеріне қабылданды.

Бұл ретте, барлық жарияланған конкурстар «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда.

Оқыту мәселесі бойынша, 2022 жылы бекітілген жоспарға сай, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттiк қызметшілер үшін қайта даярлау курстарында – 2 мемлекеттік қызметші, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне алғаш кiрген мемлекеттiк қызметшілер үшін қайта даярлау курстарында – 1 мемлекеттік қызметші оқытылды. Сонымен қатар, 23 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру семинарларынан өтті.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау курстарынан өтіп, білімі мен тәжірибе деңгейін жоғарылату жұмыстары аудан әкімдігінің басты назарыңда.

Махамбет ауданы әкімі аппараты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT