Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алу жалғасу үстінде.
Мен де өзіме ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырдым. Күні кеше екпенің екіншісін де алдым. Менде ешқандай асқынулар байқалмады. Сондай-ақ басқа адамдардың да екпе алуын қалаймын. Өйткені, біз халықпен қоян-қолтық жұмыс жасайтын болғандықтан екпе алу міндетті түрде керек деп ойлаймыз.
Әлеуметтік желідегі жел сөздерге, бейнекөріністерге сенудің қажеті жоқ. Алдымен денсаулық өзіміз үшін керек. Оның үстіне бәрінен де өзіміздің, отбасымыздың амандығы қажет екенін ұмытпайық. «Саулық – сақтықта» демей ме?
Жалпы вакцинаның тиімділігі зор. Дәрігерлер вакцинацияның басты нәтижесі – адам бұл вирусты жұқтырмайды деп отыр. Екпе аурудың ауырлығынан және өлім-жітімнен қорғайды.
Біз өмірге келгелі жұқпалы дерттерге қарсы түрлі вакциналарды алып келеміз. Әртүрлі кеселге қарсы отбасымыз да, балаларымызға шейін екпе салдыртып жүрміз. Вакцина алған соң әр адам сақтық шараларын, әсіресе, маскалық режимді, әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс.
Барша жұртшылықты вакцина алуға шақырамын.
Тілек САҒЫНДЫҚОВ,
Бейбарыс ауылдық округінің бас маманы