Махамбетте марқұм Базарғали Қадырғалиевке ескерткіш тақта ашылды

Сот жүйесінің саңлағына құрмет

Махамбет аудандық соты ғимараты жанынан ІІ дәрежелі сот жүйесінің үздігі, марқұм Қадырғалиев Базарғали Мамышұлына арналған ескерткіш тақта ашылды.

Базарғали Мамышұлы Қадырғалиев Атырау облысының тумасы, ҚазМУ-дің түлегі. Сот төрелігін жүзеге асыруды 2004 жылы бастаған. Соңғы қызметі Махамбет аудандық соты төрағалығында өткен. Бар саналы өмірін мемлекттік қызметке арнаған Базарғали Мамышұлының құқықтық салаға, сот жүйесіне қосқан үлесі зор. Үлгілі жанқиярлық қызметі үшін түрлі марапаттарға ие болған.

sot14621-1

Атаулы шараны облыстық сот төрағасы Бауыржан Жұмағұлов ашып, Б.Қадырғалиев жайындағы өз естеліктерімен бөлісті. Қашанда әділ, ақжарқын, жанашыр болған әріптесі жайында болашақта кітап шығару ойда барын жеткізді.

taqta14621

Аудан әкімі Ринат Жанқылыш саналы ғұмырын сот жүйесіне арнаған Базарғали Мамышұлының ауданымызға сіңірген еңбегіне тоқталып, оның рухын биіктету мақсатында «Махамбет ауданының Құрметті азаматы» атағы берілгенін айтып өтті.

Мемориалдық тақтаны салтанатты жағдайда ашу құрметіне облыстық сотының төрағасы Б.Жұмағұлов пен сот саласының ардагері, Махамбет ауданының Құрметті азаматы С.Жұмалиева ие болды.

sot14621

Марқұм Б.Қадырғалиевтің зайыбы Айсұлу Еңсепова сөз алып, аудан халқына жолдасының азды-көпті еңбегін елеп-ескергені үшін алғысын айтты.

14621-sot

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521