Отандық вакцина қабылдадым

Елімізде сәуір айынан бері COVID-19 инфекциясына қарсы жаппай вакцина салу басталды.

Мен де қазақстандық QazCaid-in вакцинасының бір компонентін салдырдым. Енді екіншісін маусым айында аламын. Екпеден соң менде жанама әсерлер байқалған жоқ. Тіпті вакцина салғанымды ұмытып кеттім десем де болады. Қазір жағдайым жақсы, жұмысымда жүріп жатырмын.

Менің ойымша, қазақстандық вакцина жеңіл, жан-жақты зерттелген деген ойдамын, соған толық көзім жетті. Өйткені, ағзада вирусқа қарсы иммунитет қалыптасуы тиіс екен. Әркімнің айтқанына еріп, екпеден қорқып-үркудің қажеті жоқ.

Бас амандығы үшін, өз денсаулығың үшін отбасыңның, тума-туыстың амандығын ойласаң, ең дұрыс шешім -вакцина салдыру екенін айтқым келеді.

«Саулық- сақтықта» деп бекер айтпайды, еліміздегі індетті толық жою үшін бәріңіз де вакцина қабылдауға асығыңыздар!

Қайрат ЖҰМАШЕВ,

Жалғансай ауылдық «Шалқыма» мәдениет үйінің директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT