Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің даму бағытын айқындай отырып, білім беру саласына ерекше назар аударды. Президент атап өткендей, сапалы білім – елдің интеллектуалдық әлеуетін арттырудың, инновациялық экономика мен бәсекеге қабілетті қоғам құрудың басты тетігі.
Жолдауда білім сапасын көтеру, мұғалім мәртебесін арттыру, ауыл мектептерін қолдау және заманауи білім беру инфрақұрылымын дамыту жөнінде нақты міндеттер қойылды. Бұл бағыттар — жас ұрпақтың жан-жақты дамуына, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға және жаңа заманда өз орнын табуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі білім ордаларының басты мақсаты – оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, олардың өмірлік дағдыларын дамыту, сыни ойлау мен жаңашылдыққа бейім болуына жол ашу. Осы тұрғыда біздің ұстаздар қауымы мен жастар қоғамы Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындауға өз үлесін қосуға дайын.
Білім беру жүйесін жаңғырту – ел болашағына салынған ең құнды инвестиция. Сондықтан әрбір білім ордасы, әрбір жас буын осы ортақ іске жауапкершілікпен қарауы қажет.
Біз бірге дамып, бірге өркендесек – еліміздің ертеңі де жарқын болмақ!
А.Хайрушева,
Белсенді жас