Халық мүддесіне бағытталған тарихи қадам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған Парламенттік реформа – елдің саяси жүйесін жетілдіруге, билік тармақтары арасындағы теңгерімді күшейтуге бағытталған маңызды бастама.

Президент атап өткендей, бұл реформа – еліміздің және халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар шешуші мәселе. Сондықтан Жұмыс тобының құрамына қоғамның әр саласынан тәжірибелі, беделді азаматтардың енуі – өзекті мәселелерді жан-жақты талқылауға мүмкіндік береді.

Махамбет ауданының тұрғындары да бұл реформадан үлкен үміт күтеді. Себебі тиімді Парламент – халықтың мұң-мұқтажын нақты жеткізіп, әділ шешім қабылдайтын басты тетік.

Парламенттік реформаны жүзеге асыру еліміздің саяси мәдениетін жаңа деңгейге көтеріп, мемлекетті басқарудағы ашықтық пен жауапкершілікті арттыра түспек.

Ж.Жоламанова,

Аудан тұрғыны, зейнеткер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT