2025 жылғы Президент Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс саласына ерекше назар аударды.
Президенттің айтуынша, құрылыс – тек ғимарат тұрғызу емес, ол халықтың өмір сапасын арттыру, инфрақұрылымды жаңарту және жаңа жұмыс орындарын ашу деген сөз.
Мемлекет басшысы сапасыз құрылысқа, бюрократия мен ұзақ келісім рәсімдеріне жол берілмеуі керектігін атап өтті. Ендігі уақытта құрылыс саласында жобалаудан бастап пайдалануға беруге дейінгі барлық процестер толық цифрландырылып, ашық әрі тиімді жүйе қалыптасады.
Басты мақсат – сапалы, экологиялық және қолжетімді тұрғын үй мен инфрақұрылым арқылы халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту.
М.Мұқашев,
Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы