Сапалы ауыз су – саулығымыздың кепілі

Фото: gurk.kz

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, адам­зат ауруының 90 пайызы сапасыз судың салдарынан туындайды екен. Адам ағзасына қорек заттарды (дәрумендер мен минерал тұздары) жеткізетін де, ағзаны лас заттардан тазартатын да осы су. Сондықтан ауыз сумен қамту мақсатындағы су тазарту қондырғылары санитариялық талапқа сай болуы керек. Су тазарту қондырғылары стратегиялық нысан болып табылады.

Аудандық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы осы кезеңдерде халық арасында инфекциялық аурулардың, ең алдымен, ішек инфекцияларының жеке және қоғамдық алдын алу шаралары ту­ралы түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында әр округке іс-шаралар жүргізуге ұсыныс беріп келген болатын.

Су тасқыны - бұл көктемнің белгісі ғана емес, сонымен қатар микроорганизмдердің еріген сулармен ауыз суға түсу қаупі, өйткені, топырақ арқылы судың сүзілуін күшейтетін барлық процестер су сапасының нашарлауына әкеледі. Басқарма тарапынан ай сайын ауыз су сапасы мен Жайық өзені суы зертханалық бақылауға алынған. Мамыр айында Жайық өзенінен алынған сынамалар бойынша жер үсті су объектісінің және ағынды су үлгілерін зерттеудің нәтижесінде өзен суының санитариялық-химиялық са­пасы өзгеріске ұшырағаны анықталды.

Су микрорганизмдермен ғана емес, сонымен қатар, топырақтан шайылған әртүрлі химиялық қосылыстармен де ластанатындығына байланысты су тасқыны кезінде ашық суды әртүрлі мақсаттарға пайдалануға жол бермеу қажет. Қайнаған суды пайдалану және тамақ өнімдерін (қайнату, қуыру т.б.) термиялық өңдеу барлық ықтимал патогендерді соның ішінде, бактерия- лар мен вирустарды жоятынын есте ұстаған жөн. Осыған байланысты:

Ішуге және тамақ дайындауға тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану;

Су басқан орындардағы құдықтан суды ішпеу;

Бөтелкедегі ауыз су қорын қамтамасыз ету және жабық ыдыс- тарда сақтау;

Шикі күйде тұтынатын көкөністер мен жемістерді мұқият жууды ұсынамыз.

С.ҚАБАЗОВА,

аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT