Денсаулық кілті – өз қолыңда!

Фото: ntime.kz

Менингококк инфекциясы — бактериялар тудыратын жіті инфекциялық ауру. Ол әртүрлі клиникалық белгілермен симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттен (мұрын мен жұтқыншақ сілемейлі қабығының қабынуы) бастап менингококк сепсисіне (қанның жұқтыруы) дейін болады.

Менингит көбінесе мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін. Ол ке­неттен басталады: күтпеген жер­ден қатты бастың ауруы, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпенің пайда болуы, температура 39-40°С-қа жетіп, адам қалтырайды. Тері бозарып, жалпы әлсіздік, арқаның және аяқ-қолдың сырқырауы байқалады. Науқас адам шөлдейді, тәбеті нашарлайды. Ол тұмау, баспа, суық тию, тонзиллит және т.б. сияқты «зиянсыз» ауруларға ұқсас болады. Тоңу, ауыру, қатты шаршаудан организмнің қорғаныш күштерінің әлсіреуі сияқты қолайлы жағдай пайда болғанда менингококк бас миының қабығына тез өтеді және қабынуды тудырады. Инфекцияның көзі науқас адамдар және «дені сау тасымалдаушылар», яғни қандай да бір клиникалық белгілері жоқ, бірақ менингококк тасымалдаушылары болып табылатын адамдар. Аурудың әдеттегі суық тию сияқты жасырын өтуі мүмкін екендігіне байланысты дәрігерге уақтылы қаралу қажет. Менингитке күдік пайда болған жағдайда пациент инфекциялық ау­рулар ауруханасына шұғыл емдеуге жатқызылады.

Менингитпен ауыратын балалардың ата-аналары көбінесе аурудың бас- талу күні мен сағатын дәл айта алады. Сонымен қатар шағымдардың ең көп тарағаны температураның маңызды сандарына дейін күрт көтерілу бо­лып табылады. Бұл аурудың одан әрі асқынуы мен нәтижесі дәрігерге уақтылы қаралуына байланысты. Әдетте дене қызуынан басқа, ауру кезінде қатты бас ауруы, жүрек айнуы және құсу байқалады. Бұл жағдайда клиника суық тиюге ұқсас болуы мүмкін. Егер температураны уақтылы төмендетпесе, симптомдар күшейіп, ұйқышылдық, сананың жоғалуы пайда болып, сандырақ басталуы мүмкін. Ал кішкентай балаларда кейде сіңір тартылып немесе құрысулар болуы мүмкін. Кейбір менингит ау­руларда теріде нүктелік қан кетулер және кішкентай күлгін дақтар пайда болуы мүмкін.

Инфекцияны болдырмау үшін қолды мұқият жуу өте маңызды. Балаларыңызға қолды жиі жууға үйретіңіз, әсіресе, тамақтанар ал­дында, қоғамдық жерде болғаннан кейін сондай-ақ жануарларды ұстағаннан кейін. Даладан оралғаннан кейін бетіңізді жуыңыз және тамағыңызды қарапайым сумен шайыңыз. Өз денсаулығыңызды сақтаңыз. Қалыпты демалу, үнемі жаттығулар жасау және жаңа піскен жемістер мен көкөністерге бай дұрыс тамақтану арқылы иммундық жүйеңізді сақтаңыз. Жөтелген не­месе түшкірген кезде аузыңызды жабыңыз. Бұл – өзіне және басқалар- ға қамқорлық жасайтын адамдар ұстануы керек қарапайым ереже.

Қазіргі уақытта гемофильді және ме­нингококкты инфекциядан туындаған ауруларға қарсы вакциналар бар. Қазақстанда балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация­лау ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген. Профилактикалық егу мерзімдеріне сәйкес, пневмококк инфекциясына қарсы үш мәрте вакцинациялауға 2 айынан бастап, одан әрі 4 айында, кейіннен 12-15 айында вакцинаның бір дозасымен ревакцинациялауға жа­татын барлық балалар жатады.

Менингиттің алдын алу үшін адамдар көп жиналатын жерлерге, сауда-ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени-көпшілік іс- шараларға баруды шектеу қаждет. Ауру жұқтыруды болдырмау үшін қолды мұқият жуған өте маңызды. Өз денсаулығыңызды бақылаңыздар. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медицина қызметкерлерінің бақылауымен профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қабылдау жөніндегі дәрігердің тағайындауымен орындауы керек.

О.ЗИРЕК,

аудандық санитариялық- эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT