Мемлекет басшысының электросамокаттарды пайдалануға қатысты мәселені көтеруі – өте орынды қадам. Азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп – ең басты құндылық.
Соңғы екі жыл ішінде электросамокат қозғалысын реттеуге арналған заңнамалық өзгерістер енгізілгенімен, олардың қоғамдық орындардағы іс жүзіндегі орындалу деңгейі әлі де жеткіліксіз. Жалпы жаяу жүргіншілер жолында самокатпен жылдам жүретін балалар мен жастар жиі кездеседі, бұл жүргіншілерге, әсіресе қарт адамдар мен балаларға қауіп төндіруде. Сондықтан осы мәселе бойынша бақылауды күшейту, арнайы жүретін жолақтар бөлектеу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу аса маңызды деп санаймын.
Президентіміз көтерген бастама — қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған нақты әрі уақытылы шешім. Бұл бағытта қала, аудан деңгейінде атқарылатын іс-шараларды күшейте отырып, әр азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ міндет.
Г.ЖОЛДАСҚАЛИ


