Кәсіби мамандарды ел игілігіне бағыттау

Биылғы Жолдау ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанын айқын көрсетті. Қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайында мемлекет тарапынан интеллектуалды әлеуетті арттыруға ерекше мән берілуі өте орынды.

Жолдауда айтылған білікті мамандарды елге қайтару мәселесі – Қазақстан үшін стратегиялық бағыт. Маман тапшылығы сезіліп отырған бұл кезеңде шетелде жүрген кәсіби кадрларды тартудың тиімді тетіктерін әзірлеу – экономиканың да, ғылымның да, технологияның да бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Ол үшін жағдай жасау, қолдау бағдарламаларын жетілдіру, халықаралық деңгейдегі жобаларға жол ашу секілді нақты қадамдар қажет. Сонымен қатар, цифрлық өзгерістерді батыл енгізу туралы бастама елдегі басқару жүйесі мен кәсіпкерлік ортаға жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Жалпы, Жолдау қоғамның ең өзекті мәселелеріне дер кезінде жауап береді. Білікті мамандарды елге қайта тартуға бағытталған саясат Қазақстанның болашағы үшін аса маңызды. Бұл бастамалардың тиімді жүзеге асуы елдің тұрақты дамуына және жаңа белестерді бағындыруына ықпал ететініне сенім мол.

 

Ж.Жоламанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT