Салымдар бір күнде құнсызданды

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет атанғанына 30 жыл толады.

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет атанғанына 30 жыл толады.

Еліміз Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде отандық медицинаны дамыту бағытында кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды. Көптеген емдеу нысандары бой көтерді. Денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі, медициналық білім, ауыл медицинасы, дәрі-дәрмек сапасы, мамандар тапшылығы мәселесі, медицина қызметкерінің бүгінгі келбеті.

Соңғы жылдары Қазақстан денсаулық сақтау саласы қарқынды дамуды бастан кешіріп, алдыңғы қатарлы медициналық қызмет көрсететін орталықтар шоғырланған елге айналды. Халық бұрын күрделі ота түрлерін жасату үшін шетел асып ем іздейтін, бүгін республикалық медициналық орталықтар әлемнің үздік медициналық мекемелерімен бәсекеге түсуге қауқарлы.

Ұлт денсаулығы - табысты болашақтың негізі, бақытты өмірдің кепілі. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі ретінде еліміздің барлық аумағында сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің болғаны маңызды. Ұзақ жылдар денсаулық саласында қажырлы еңбек етіп абыройлы зейнетке шыққан Сұлуқаш Қамарова Қамарқызының тәуелсіздіктің 1991- 95 жылдардағы естеліктерін тыңдап, біраз ой түйдік.

- 1969 жылы оқу орнын бітірген бойда сол кездегі Махамбет денсаулық сақтау бөлімінің жолдамасымен Сарытоғай ауылдық фельдшерлік акушерлік пункітіне меңгеруші болып жұмысқа жіберді. Осы жерде 1995 жылға дейін дейін осы қызметті атқардым. Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздегі медицина саласы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Сол кезде еңбек қызмет еткен жылдары ауыл әкімдігі, «Орал» кеңшары және жергілікті тұрғындардың дұрыс түсініп, мәселені шұғыл шешіп отырғанының нәтижесінде Сарытоғай ауылының медициналық пункті облыс деңгейдегі үлгілі пунктердің біріне қол жеткізді. Әлі есімде 1986 жылы ауылда іш сүзегі шығып, сол кезде санитарлық ахуал республика мен Одақтың бақылауында тұрған. Тұрғындар болса өте түсіністікпен қарап, барлық айтқан талаптарды бір кісідей ескертусіз орындап отырды. Нәтижесінде Мәскеу қаласынан келген комиссия өкілі жоғары баға беріп, ауру ошағы ауыздықталды. Тәуелсіздік алғашқы жылдарында қиындықтар болғаны рас. 1991 жылдары дүкендерде зат, тамақ азайған күндер болғаны ақиқат. Халық өз бетімен күн көруге көшті. Кеңестік дәуірде жинаған салымдары бір күнде құнсызданып шыға келді. Саудагерлік ұғымы пайда болды. Сауда жасаған азаматтарды жолда ұрып, тонаулар орын алды. Осы ретте, әйелдер тірлік қамымен жолға шығып, отбасын асырады. Бір қойды бір шыны бөтелкеге ауыстырған күндер болғаны рас.

Міне, осы сәттердің бәрін жеңіп, Тәуелсіз Қазақстан аяғынан тік тұрды. Бәріне тәубе, шүкірлік етуіміз керек. Болашақ жастарымыз осыны ескерсе екен. Қазір ол кездермен салыстырғанда үкімет тарапынан қамқорлығы бар, аз қамтылған, көп балалы аналарға жасалып жатырған жақсылықтарды бағалай білуіміз қажет. Қазір пандемия жұқпалы инфекцияның көптеп таралып өршіп тұрған уақыты. Елімізге қиын жағдай туды. Тек ғана біздің аудан, ауыл емес дүние жүзі халқы дабыл қағып айтуда. Соның ішінде Атырау, Махамбет ауданы да «қызыл» аймаққа кірді. Өзім денсаулық сақтау саласында жұмыс жасағандықтан бұл індеттен құтылу жолын күн сайын, тіпті сағат сайын газет, теледидар, әлеуметтік желіден елең етіп тыңдап,оқып отырамын. Халыққа айтарым, барлық санитарлық талапты сақтауларымыз міндетті түрде қажет. Адамның денсаулығы - басты байлығы. Осы құндылықты бағалай білгеніміз абзал, - дейді С.Қамарқызы.

К.САПАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT