Тәртіптің аты - тәртіп.
Жаңа коронавирустық пневмонияның өршуі экономика мен қоғамға салыстырмалы түрде үлкен әсер етпей қоймайды... Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары енгізілді. Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті.
Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынды. Өкінішке орай, отбасылық іс-шаралар әлі де үй ішінде өткізілуде.
Дегенмен, бұл іс-шаралар өз нәтижесін бермей отыр. Міне, Атырау облысы «қызыл аймаққа» кірді. Сондықтан былтырғы жылғыдай басты іс-шаралар қабылдау қажеттілігі туындап отыр, яғни карантин аймағын белгілеу, оған кіру және одан шығу пункттерін анықтау;
адамдардың қозғалысын,көліктердің кіріп-шығуын шектеу;
адамдардың қозғалысы мен қалаға автокөліктердің кіріп-шығуы шектеу.
Уақытша шектеулерді бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады. Әкімішілік құқық бұзушылық кодекстің 476-бабына сәйкес, 10 АЕК, айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
Сонымен қатар дәрігерлер кеңесіне орай, қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жууды;
қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдануды;
көп адам жиналған орындардан аулақ болуды;
науқас адамдармен байланысқа түспеуді қажет.
Бұдан басқа, елімізде жалпыға ортақ вакцинациалау басталып жатыр. Вакцина – жұқпалы ауруларға қарсы иммунитетті қалыптастыруға арналған медициналық немесе ветеринариялық иммунобиологиялық препарат. Ол әлсіреген немесе жойылған микроорганизмдерден, олардың метаболизм өнімдерінен, гендік инженерия немесе химиялық жолмен алынған антигендерден жасалады. Вакцина салдырған соң иммунитет 14 күннен кейін қалыптасады. Осы аралықта иммунитетті қинамау керек. Спирттік ішімдіктер ішпеген жөн. Вакцина алғанға дейін бірнеше күн бойы да ішімдік ішпеген абзал. Аллергиясы бар адамдар иммундық жүйені басатын арнайы гормондық препараттар қолданады,осы жағдайда вакцина салдырсаңыз,пайдасыз болуы мүмкін,-деп отыр ҚазҰАЗУ жанындағы Халықаралық Вакцинология орталығының мамандары.
Сондықтан барлық сақтық шараларды үнемі сақтап, тәртіпке бағынуды, вакцина алып, өзінді және отбасынды, жақындарыңды қорғауға шақырамын. Осы сәтте Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген сөзі еске түседі.
Тәртіптің аты – тәртіп.
Ғибрат МЫРЗАҒАЛИ,
Жалғансай ауылдық округі әкімі